Теологиялық оңалту қызметінің құрамында 10 офицер мен 10 қызметкер болады. Бұл туралы облыс әкімдігіндегі жиында облыстық Дін істері басқармасының басшысы міндетін атқарушы Айтқұрман Тұрғанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Басқарма өкілінің айтуынша, бұрынғы сотталушыларды бейімдеу сұрағы өзекті болып отыр. Ең алдымен, олардың жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесін шешу, қажеттілігі болса қайта оқытуға маңыз беріліп келеді. 2016 жылы пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында медициналық, заңгерлік, психологиялық, азық-түліктей көмек көрсетілген.
– Теологиялық оңалту қызметін құру үшін 10 офицер мен 10 қызметкер іріктеліп жатыр, – деп хабарлады Айтқұрман Тұрғанбаев.
Естеріңізге сала кетсек, ШҚО әкімі Даниал Ахметов екі орынбасарына бұл бағытта секторалды әрі адрестік тұрғыда нақтырақ бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын.
Мейрамбек Қосажан