Учаскелердің көбі негізінен Бұқтырма және Үлбі су қоймаларында орналасқан, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- 2019 жылдан бастап облысымызда балық аулау заңдастырылды, - деді ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов. - Ағымдағы жылы иесіз учаскелер енді балық өсіру үшін пайдаланылатын болады. Олардың көпшілігі негізінен Бұқтырма және Үлбі су қоймаларында орналасқан.
Сондай-ақ Мұрат Құсайыновтың айтуы бойынша, үстіміздегі жылы облыс өңіріндегі су қоймаларын бағалы балық түрлерімен толықтыру жоспарлануда.