Аймақтағы таза су қоймалары мәселесі жайлы облыстық Қоғамдық кеңес жанындағы экология бойынша жұмыс тобының отырысында талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазгидромет мамандары облыстағы 13 су нысанына сараптама жүргізуде. Олардың ішінде он өзен, екі су қоймасы мен Марқакөл көлі бар. Арнайы мамандар су бетіндегі бөгде химиялық заттардың болуын бақылайды.
– Ағымдағы жылдың тоғыз айында Шығыс Қазақстанда жоғары ластану көрсеткішімен 29 оқиға тіркелген. Риддер қаласындағы Брекса өзенінде (2 оқиға), Тихая (8 оқиға), Үлбі (7 оқиға), Глубочанка (10 оқиға), Красноярка өзенінде (2 оқиға) анықталды, – деді «Қазгидромет» РМК филиалының кешенді лабораториясының басшысы Татьяна Козлянская.
Мамандардың сөзінше, Ертіс, Оба, Аягөз, Бұқтырма өзендері мен Марқа көлінің су құрамы қалыпты деңгейде.