Бесқарағай ауданында су тасқынына қарасы шаралар басталды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Бесқарағай ауылының жанында Куликовское, Камышовское, Доманское көлдері бар.
- Жыл сайын жер асты суларының көтерілуіне байланысты жақын маңдағы тұрғын үйлер мен ғимараттарды су басу қаупі бар, - дейді Бесқарағай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.
Көктемде көлдердің «толып кетуіне» жол бермеу үшін Камышовское көліндегі жерасты жамылғысын нығайту жұмыстары басталды.
Төтенше жағдайлар бөлімінің ақпараты бойынша, Бесқарағай ауылында көшелер қардан толықтай тазартылып жатыр.