ШҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр

356
көрілім

Облыстық Төтенше жағдай Департаменті өкілдері аудандарға қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Таңнан бері Риддер қаласында тасқын су кезеңіне даярлық шеңберінде арықтарды қардан тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Тарбағатай ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 8 ауылдық аймақтағы су өткізгіш құрылғыларды,  арыктарды қардан тазалау жұмыстары қолға алынды.


Одан бөлек, тасқынға тосқауыл қою шаралары айлығы шеңберінде Глубокое ауданы Бобровка ауылындағы Бобровочка өзенінің көпірін тазарту жұмысы ұйымдастырылды.


Шемонаиха ауданы бойынша жағдай да осы сияқты. Жұмыстар үздіксіз жалғасуда. Күршім, Алтай, Ұлан аудандарында жағдай аудан басшыларының бақылауда. Жауапты тұлғалар барлық округ басшысына қаптар мен жанар-жағармайды жеткілікті мөлшерде дайындауға тапсырма берді. Айта кетерлігі, Алтай ауданына қарасты Зубовск ауылында 68303 әскери бөлімінің 25 сарбазы арық тазалауда аянып қалып жатқан жоқ.