Суға түсу маусымы басталғалы бері облыс бойынша 31 адам суға кеткен. Оның ішінде 2 бала бар, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Соңғы бір аптада аймақтың 10 тұрғыны тілсіз жаудың құрбаны болыпты. Ал жыл басынан бері өңір құтқарушылары суға батып бара жатқан 25 адамды аман алып қалған.
– Суға кеткен адамдардың ішінде: мас күйінде суға түсу – 3 адам (8%), жүзе білмеу және суға түсуге арналмаған жерлерге түсу – 23 адам (58%), қайыққа міну – 3 адам (8%), арнайы қорғану жабдықтарынсыз балық аулау – 6 адамды (16%) құрап отыр, – дейді Анатолий Рожков. – Біздегі басты мәселе – құтқарушылардың аздығы. Жалпы облыс бойынша 2 мыңнан астам су қоймасы бар. Айналдырған 120 құтқарушы олардың барлығын бірдей қамти алмайды.