ШҚО-да суға түсу маусымы басталмай жатып екі бала суға кетті

658
көрілім
Өткен жұмада Убинка өзенінде екі жасар бала суға кетіп қайтыс болды. Арада бір күн өткеннен кейін жеті жасар қыз бактағы суға тұншығып көз жұмған. Істің мән-жайын құқық қорғаушылар анықтауда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші жағдай 9 мамыр күні Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылында орын алған.

Алдын ала берілген мәлімет бойынша, бала ата-анасымен өзен жағасында жүрген. Бәлкім, ата-анасы байқамай қалса керек. Сүңгуірлер баланың мәйітін сол күні тауып алды, деп хабарлайды ШҚО судан құтқару қызметінде.

Екінші жағдай Глубокое ауданының Опытное поле ауылында тіркелді.

Саяжайлық аумақта 2009 жылғы қыз бала металдан жасалған бакқа түсіп кеткен. Саяжайда баланың атасы мен әжесі болған. Анасы жұмысқа кетіп қалған, – дейді аталған ведомствода.

Құтқарушылар су маусымы таяп қалған уақытта сақтық танытуды сұрайды.