Өскеменде прокуратура өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста жастардың өзіне қол жұмсауларының өзге де себептері айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Жарық дүниеден кетуге асығудың тағы бірнеше себебі айтылды. ШҚО Прокурорының орынбасары Азамат Тлешевтің сөзінше, бұған ғаламтор да себеп болған.
- Мамандар пікірінше, жасөспірімнің психологиялық қысым көруі де аталған жайтқа әсер ететін факторлардың бірі. Құрдастарымен жанжал, ғашықтық, оқудағы қиындықтар мен интернеттегі түрлі ақпараттар теріс әсер етеді. Өкінішке қарай, жасөспірімдердің өз-өздерін өлімге итерулерінің 24 жағдайында себебін анықтау мүмкін болмады, - деді ол.
Құқық қорғау өкілі мұндай жайттарға тосқауыл қою үшін психолог мамандардың көмегі, яғни олармен жұмыс істеудің едәуір тиімді екенін жеткізді.