Тәртіп сақшылары зорлық ісіне қатысты құпия деректерді желіге салған адамды жауапкершілікке тартпақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Жәбірленушінің жеке мәліметтерін жария етуге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталса кінәлілер қатаң тәртіптік жазаға тартылмақ, – деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, кеше Шемонаиха ауданындағы сұмдық жайт жұртты дүрліктірген еді.
Алдын ала болжамға сәйкес 29 жастағы өгей әкесі жеті жастағы қызын қорлаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында зорлықшыл әкені асылған күйі тапты.
Мәселенің сорақысы сол, барлық әлеуметтік желілерде күдіктінің аты-жөні, жәбір көрген қыз баланың мекенжайы мен жеке деректері таралып кеткен.