ШҚО-да сумен қамту және су бұру бойынша 40-тан астам жоба жүзеге асырылды

372
көрілім

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыс халқын таза ауызсумен қамтамасыз ету бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, сумен жабдықтау және су бұру бойынша жобаларды жыл сайын қаржыландыру көлемі 2015 жылдан бастап 3,6 есеге, атап айтқанда 7 млрд. теңгеден 25 млрд. теңгеге дейін өскен. Су құбырлары 209 елді мекенде орнатылып, 240 мың адам ауызсумен қамтылды.
- Қолға алынған сумен қамту және су бұру бойынша 41 жоба осы жылдың соңына дейін аяқталатын болады. Бұдан басқа 51 блок-модульді станция орнатылды, бұл 21 мың адамды сапалы ауызсумен қамтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті облыс әкімі.
Жалпы, соңғы 5 жылда ауылдарды сумен қамту пайызы 24,4 пунктке өсті. Ағымдағы жылы облыс халқының 92,3%-ы ауызсумен қамтамасыз етілді, оның ішінде 82%-ы ауыл тұрғындары.