ШҚО-да сыбайлас жемқорлық мәселесімен жүгінген 190-ға жуық адамның сұрағы шешімін тапқан

306
көрілім

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл департаментінің басшылығы тұрғындар өтініш-тілегінің еш кедергісіз түсуін бақылауға алған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

"Шығыс - Адалдық алаңы" жобасының басшысы Маржан Бақыт қоғамдық мониторингілік топтың үш жыл қатарынан әралуан шаралар өткізілгендігін мәлімдеді. Өз сөзінде соңғы уақытта тұрғын үй саласында бармақ басты, көз қыстылықтың көбейгендігін атап өтті. Анығы сол, түрлі өтініш бойынша жүгінген тұрғындар тілегі де барынша ескерілген.

- Тәулік бойынша жұмыс істейтіл Call орталықтар. Соған қоңырау (1224 нөмірі бойынша) шалуға болады. Осы уақытқа дейін келіп жүгінген 187 тұрғынның сауалы шешімін тапты, - деді жауапты тұлғалар.