ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың бағыттары талқыланды

327
көрілім
Шартты фотосурет

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ренат Набиев «Шығыс – адалдық алаңы» жобасының аясында ашылған Үржар ауданының жер қатынастары бөлімі мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесінде жиын өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бөлім мамандарының қатысуымен болған кездесуде Ашық әкімдіктің қызметін жан-жақты талқыланды. Аталмыш кездесуде «Шығыс – адалдық алаңы» жобасының тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жойып, азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға негізделген басым бағыттары талқыланды.

«Ашық әкімдік» фронттық кеңсесінде тұрғындар үшін арнайы электронды кезек залы орналастырылған, сондай-ақ жер қатынастары бөлімінде 14 мемлекеттік қызмет түрі және кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінде 4 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

Аталған жоба «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген транспаренттілікті қамтамасыз етіп, билік пен халық арасындағы ашықтықты қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ ауданның білім бөлімі, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және аудандық полиция бөлімінде де фронт кеңселер ашылып, азаматтарға барлық қолайлы жағдайлар жасалған.