ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Антикор орталығында Департамент басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин Орталық кеден зертханасының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мемлекет басшысы қол қойған қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салуды енгізу, қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару мекемелерінде сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандар үшін жазаны бірден өтеу мүмкіндігін болдырмау жөніндегі жайттар. Сондай-ақ пара берушілер мен делдалдардың парақорлықтағы жауапкершілігі күшейтілгенін атап өтті.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларды адалдыққа, парасаттылыққа, азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етуге, сонымен қатар ұжымда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға шақырды.