Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 52 адам анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Науқастардың ішінде 15 адам Семей қаласынан, 16 адам Өскемен қаласынан, 10 адам Аягөз ауданынан, 4 адам Үржар ауданынан, 3 адам Глубокое ауданынан және Бородулиха, Катонқарағай аудандарында 2 адамнан тіркелді
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 10 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған адам ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 31 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 11 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.
Қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 845 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 233.