Облыс орталығының көшесінде өзіне қол салған ер адамның жансыз денесі табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полицейлердің болжамы бойынша, 52 жастағы еркек көпқабатты тұрғын үйден секіріп, өмірімен қош айтысқан.
Өскемен қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға 19 қазан күні Виноградов көшесі, 6 мекенжайы маңында болды. Куәгерлер мәйітті көре сала тәртіп сақшыларына хабарлаған.
– Тексеру нәтижесінде анықталғандай, мерт болған адамның жасы 52-де. Дерек бойынша ол өзінің өмірін өзі қиған, – дейді баспасөз қызметі мамандары.
Айта кетейік, осы оқиғадан бір күн бұрын 16 жастағы қыз бала ұқсас суицидтік әрекетке барып, жантәсілім етті.