Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралар барысында Семейде жаңа жерүсті өткелі ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткел сол жағалаудағы айналма жол арқылы халық көшесі жағынан «Абай» атындағы мешітке баратын жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін едәуір арттырды.
- Автожол саласын дамытудың басты міндеті - жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендетіп, жолдардың қауіпті учаскелерінде жүргізушілердің назарын арттыру болып саналады, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Полиция бүгінде облыс аумағында 19 түрлі деңгейлі жаяу жүргіншілер өткелі (9 - жерүсті, 10 - жерасты) пайдалануға берілетінін атап өтті. Тағы үш жерүсті өткелін салу бойынша тиісті жұмыстар қолға алынбақ. Екеуі - Өскеменде, біреуі Семейде жоспарланған.