Оқушылары жоғары көрсеткішке ие болған педагогтар қазынадан арнайы бөлінетін қаржыға ие болмақ.
Талантты мұғалімдерді қазына есебінен көтермелеу облыс әкімі Даниал Ахметовтың өкімі бойынша іске асырылады.
– Сыйақының ең жоғарғы көлемі 800 мың теңгені құрайтын болады, – дейді облыстық Білім басқармасының басшысы Нұргелді Әбжапаров. – Аталмыш сома мұғалімге бірден табысталмай жыл бойына бөлінеді, яғни ұстаздың жалақысы оқу жылының 10 айында ай сайын аталмыш сыйақы есебінен үстемеленіп отырады.