ШҚО-да тамыз айында 41 градусқа дейін ыстық күтіледі

370
көрілім

Қазгидромет мамандары жаздың соңғы айының ауа температурасы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Алғашқы онкүндікте циклон әсерінен республиканың көп аймағында жауын-шашын мен найзағай күтіледі. Сонымен қатар жел күшеюі де ықтимал. Ал ауа температурасы облыс аумағында 30-38 градусқа дейін көтеріледі.

Айдың орта шенінде термометр бағанасы 41 градусты көрсетпек.
Бұған қоса екінші және үшінші онкүндік аралықтарындағы кей күндерде қысқа мерзімді жоғары ауа температурасы болады.