Шығыс топырағына ҚР жазушылар Одағының мүшесі, Республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел жұмыс сапарымен келді. Ең алдымен Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Парасат жолы» орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұдан бөлек, «Парасаттылық мектебінің» негізінде өңірдегі зиялы қауым өкілдері жастарымен кездесу өткізіп, қатысушыларға «Парасат жолы» орталығының құрылу мақсаты мен міндеттерін жеткізді.
Атап айтқанда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ШҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин, өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Арайлым Есімбекова және жазушы, журналист, Қазақстан жазушылар одағының ШҚО филиалы Төрағасы, өңірлік «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Әлібек Қаңтарбаев, сондай-ақ имамдар, кітапхана директорлары, «Саналы ұрпақ» клуб мүшелерінің қатыстысуымен өтті.
Кездесу барысында Сәдібек Түгел Агенттік бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Адалдық алаңы», Ақпараттық-ағартушылық штаб жұмысы, ашылаған сервистік әкімдіктер мен Антикор орталықтарының жұмысына оң баға беріп, жаңа жоба «Парасат жолы» орталықтарының жұмысына сәттілік тіледі.
Қатысушылардың әрқайсысы өз ойларымен бөлісіп, парасат жолында аянбайтындарын жеткізді.