ШҚО-да тапсырылған қарулар үшін тұрғындарға 4 миллион теңге төленді

677
көрілім

Қару тапсыру бойынша шара сәуір айының 25-і күні басталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Акция басталғаннан бері ішкі істер органдарына азаматтардан 102 өтініш келіп түскен. Өз еркімен 140 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 23 ойық және 115 тегіс ұңғылы қару қабылданды, бұл дегеніміз шамамен 9 миллион теңгеден асады.
- 52 адам тиісті төлемдерін алып үлгерді. Барлық төлем сомасы 4 миллион теңгені құрады. Қалған қару-жарақтарды бағалау жүргізілуде. Тапсырылған қарудың әрбір түрі бойынша криминалистикалық сараптама жүргізіледі, одан кейін қарудың санатын анықтай отырып, қорытынды шығарылады, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.
 Өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың түрі мен санатына қарай республикалық бюджеттен төлем жасау көзделген. Бұл 10-нан 100 АЕК-ке дейін, ал ақшалай есептегенде 31 800-ден 318 000 мың теңгеге дейін құрайды.
- Акция шеңберінде заңсыз сақталған қару немесе оқ-дәрілері бар кез-келген азамат ішкі істер органдарының бөлімшесіне жүгініп, қаруды өткізгені үшін ақшалай сыйақы алады, - делінген мәліметте.
 Полицейлер өз еркімен тапсырылған қару үшін оның иесі ақша алып қана қоймай, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен құтыла алатынын еске салады.