ШҚО-да тарихи орындардың Қызыл кітабы жарыққа шығады

727
көрілім

Шығыс Қазақстанда қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 37 тарихи нысан таңдалып алынып, олар жайлы ауқымды ғылыми мәліметтер қамтылатын Қызыл кітап жарыққа шығатын болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сарапшы топ университеттер мен басқармалардан келіп түскен 154 тарихи-мәдени орынды саралап, оның ішінде 37-ін таңдап алған екен.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аймақтық бағдарлама аясында Шығыс Қазақстанда «Алып Алтай» атты музей ашып, тарихи орындардың Қызыл кітабын жарыққа шығару жоспарланып отыр.

Жақсы бастама деп ойлаймын. Қызыл кітапта тарихи-мәдени орындар туралы ғылыми ақпараттар енгізіледі деген ойдамын. Бұл бастама бірегей орындарды туристік бағдарға қосып қана қоймай, ашық аспан астында музей ашуға мүмкіндік береді, – деді Даниал Ахметов.

Жұмыс тобы тарихи орындардың картасын қазірден бастап әзірлеп жатыр. Ол картаға Абай ауданындағы Қоңыр Әулие үңгірі, Шілікті қорымы, Берел қорғандары мен Мұзтау тауы, Ырғызбай Досқанаұлының кешені енгізілген.