Шығыс Қазақстан облысында тасжолда келе жатқан көлік тоғанға құлап кетіп, 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 93-ші шақырымында болған.
«Тасжолда келе жатқан көлік тоғанға құлап кеткен. Соның салдарынан жолаушы оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған жүргізуші ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.
Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.