ШҚО-да тауда шаңғышы жарақат алды

156
көрілім
Фото:mail.kz сайтынан

Оқиға 1 наурызда Глубокое ауданында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сауықтыру орталығына келушілер шаңғышының құлап, орнынан тұра алмағанын байқаған.
Куәгерлер база әкімшілігінен көмек сұраған. Жарақат алған шаңғышыны таудан түсіру үшін шанаға жатқызып, оған қарда жүретін көлікті жалғаған. Аяғына ем алу үшін ер адам Өскемен қаласының ауруханасына жүгінген.
- Шаңғы теуіп жүріп аяғын жарақаттаған азамат травматологқа қаралды. Тізе буынның рентгенографиясы түсіріліп, аяғына гипс салынды. Қазір ол тұрғылықты жерінде амбулаториялық ем қабылдап жатыр, - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.