Аталған мәліметті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылар бөлімшесінің мамандары тізе қосып, үздіксіз жұмыстар атқаруда. Бүгінде олардың қатысуымен облыстық маңызы бар «Өскемен-Самар» автомобиль жолының 95-102 км учаскесінде қар көшкінің профилактикалық түсіруді ұйымдастырды.
Қауіпті аймақта елдімекендер мен демалыс аймақтарын байланыстыратын 90 шақырым автомобиль жолдары бар. Сондықтан нақты осы аймақтар қазір қардан тазартылуда. Өңірде барлығы 325 қар көшкіні учаскесі халыққа нақты қауіп төндіреді.
- Наурыз айында тауларда қар еріп, қозғалмалы болған кезде едәуір қауіпті. Жүргізілген жарылыс жұмыстары 40000 текше метр қар түсіруге мүмкіндік берді, - деді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.
Құтқарушылар мен «Қазселденқорғау» мамандары азаматтардан таулы жерлерде демалуға бармауды және ауыстыруды сұрайды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.