9 желтоқсан халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні «Nur Otan» партиясының ШҚО филиалы және «Jas Otan» жастар қанаты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарысы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментмен бірлесіп жеке меншік оқу орындарының студенттері арасында «Таза сессия» акциясы аясында жемқорлыққа байланысты жабық сауалнама жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Шараның мақсаты-жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау, білім саласындағы жемқорлыққа талдау жүргізу.
Бұл акцияға облысымыздағы жекеменшік үш жоғары оқу орнының қатысуы арқылы 1500-ден астам студент қамтылатын болады. Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік жоғары оқу орындарында дәл осы мақсатта сауалнамалар жүргізілген болатын.
Сауалнама нәтижесі «Nur Otan» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесіне жолданады.
«Таза сессия» акциясының басталуына қатысқан «Nur Otan» партиясының ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.В. Чугунков студенттерді сауалнамаға шынайы әрі нақты жауап беруге шақырды.