«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 17 ақпанда түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдай департаменті мәліметінше, жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Түнде облыстың солтүстігінде 40 градус қатты аяз күтіледі.
ШҚО ТЖД мынаны ұсынады:
- елді мекендерден шықпаңыз;
- жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтаңыз;
- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз;
- қатты аязда қажеттілік болмаса, үйден шықпауға тырысыңыз,
- егерде далаға шығу қажет болған жағдайда, жылы киініңіз;
- автокөлікті күтіп ұзақ тұрмаңыз;
- пештерді жиі жағыңыз, бірақ ұзақтығы 1,5 сағаттан аспауы тиіс;
- тұрғын үйді қосымша жылытатын болсаңыз, электр жылытқыштары әсерінен өрт болмауын қадағалаңыз.
-ТЖ кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.