ШҚО-да тергеу изоляторына поштамен ұялы телефон жіберген

315
көрілім

Қызметкерлер поштамен келген затты тексеру барысында қалбырдың ішіне жасырылған 2 ұялы телефон, USB және қуаттау құрылғыларын, құлаққапты тәркіледі, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

- ШҚО бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты тергеу изоляторында отырған адамға пошта арқылы сотталғандардың сақтауына және қолдануына тыйым салынған заттарды қырынуға арналған сұйықтықтың ыдысына жасырған заттар келді. Қызметкерлер поштамен келген затты тексеру барысында қалбырдың ішіне жасырылған 2 ұялы телефон, USB және қуаттау құрылғылары мен құлаққап тәркіледі, - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта тыйым салынған заттарды поштамен жөнелтушінің кім екендігі анықталып жатыр.

Жіберген адам анықталған жағдайда, ол заңнамаға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын болады.