Бүгін, 27 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында оның тұрғылықты жерінен діни әдебиеттер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бұрын ұсталған адамға қылмыстық қудалауға әкеп соғуы мүмкін заңсыз әрекетке жол бермеу жөнінде бірнеше рет ескертілген.
Оған ресми сақтандыру жарияланған.
Алдын алу шараларына қарамастан ол қылмыстық әрекетін жалғастыра берді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде таратылатын радикалды идеологияның, әсіресе жастарға деструктивті әсер ету қаупін еске салады.
Экстремистік мазмұндағы интернет ресурстарына кіруден бас тартып, ал ата-аналарға балалардың радикалды сайттарға деген қызығушылығына жауапкершілікпен ден қойғаны жөн.