ШҚО-да терроризмді насихаттаған тұрғын 7 жылға сотталды

190
көрілім
Фотосурет stat.gov.kz сайтынан

14 тамызда ҰҚК материалдарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты жергілікті тұрғынға терроризмді насихаттады деген айыппен үкім шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

-Оның мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырғаны анықталды.Сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан бері ҰҚК жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам түрлі жаза мерзімдеріне сотталған.