ШҚО-да тәртіп сақшылары ет сататын сауда орындарын тексермек

346
көрілім

ШҚО-да полиция қызметкерлері ет сататын сауда орындарына тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24-28 ақпан аралығында өңірде «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы өтуде.

- Мұндағы мақсат – мал ұрлығының жолын кесу және ізін ашу. Шара барысында әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі және облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдерінен 40-тан астам мобильді топ құрылады. Осы уақыт аралығында мал сою орындары мен ет сататын сауда нүктелерінде тексеру жұмыстары жүргізілмек, – деп хабарлады ведомство өкілдері.