Алтай қаласында полицейлерден қашпақ болған мотоциклші газонға шығып кетіп, жеңіл көлікке соғылған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасы мен оның себепкері болған жүргізушіні ұстау сәті таралуда.
Бейнематериалда құқық қорғау органдары қызметкерлерін көрген мотоциклші газонға шығып кетіп, басқа жеңіл көлікке соғылған. Осы сәтте полицейлер жақындап келеді. Алайда тәртіп сақшыларының біреуі ереже бұзушыны дубинкамен ұра жөнелген. Бірақ та бейнематериалда жүргізуші қашуға тырыспағандығы байқалып тұр.
Аталған видео бойынша тұрғындар наразылықтарын білдіруде.