ШҚО-да тәртіп сақшысы өз-өзіне қол салды

128
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
Облыстық Полиция департаменті өкілдері аталған фактіні растады. Соған сүйенсек, серігі жоғалғанын айтып, дабыл қаққан полицей оны көлігінің ішінде атылған күйі тапқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 
Аталған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Тіпті бейресми құжат тарап, онда былай делінген: «Шілде айының 3-і күні түнгі сағат 1:00-де Глубокое аудандық полиция бөліміне инспектордан әріптестерінің бірі қызметтік көлікте өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат келіп түседі. Марқұмның серігі 2-ші шілдеде кешкі сағат 20:00-де әріптесімен бірге жұмысқа кіріскенін, бірақ түнгі 23:30 шамасында оны таппай қалғанын айтқан. Хабарсыз кеткен полицей түнгі сағат 1:00 кезінде серігіне қоңырау шалып, айналма тасжолға тез жетуін өтінеді. Инспектор қызметтік көліктің жанына жеткен бойда әріптесінің рөлде қимылсыз отырғанын көреді».
ШҚО полиция департаменті оқиға туралы толық ақпарат бермесе де, түсініктеме жариялады.
- Оқиға 3-ші шілде күні болды және полиция қызметкерінің қайтыс болғаны рас. Аталған факті бойынша ІІМ қызметтік зерттеу жүргізді, нәтижесінде полиция бөлімінің бірнеше басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - делінген мәліметте.