ШҚО-да тәртіпсіздік жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

146
көрілім

Алтай ауданының тұрғыны өз үйінде дау-дамай шығарып, кейін полиция бөлімшесінде де тәртіпсіздік көрсеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

 

Үйінде жанжал шығарған ер адамның көршісі Алтай ауданында полициясына хабарласып, күйеуі әйеліне қысым көрсетіп жатқанын жеткізген.
Полицейлер оқиға орнына жедел барып, ер адамды мас күйінде бөлімшеге жеткізген. Ұақытша ұстау изоляторына қамалған ол тәртіпке бірден келе қойған жоқ. Заң талаптарына бағынбай, есікті қағып, орындықтарды сындырмақ болып, полиция қызметкерлеріне дөрекілік танытқан. Осы жағдайға байланысты әкімшілік хаттама толтырылып, 42 жастағы тұрғын 10 тәулікке қамауға алынды.