Шығыс Қазақстан облысында Тәуелсіздік күнінде 50 сәби жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тәуелсіздік күнінде өңір бойынша 50 сәби дүниеге келген. Олардың басым бөлігі – қыздар.
Желтоқсанның 16-ы күні нәрестелер Өскемен, Семей шаһарларындағы перинаталды орталықтарда, Аягөз, Зайсан, Алтай қалалық және Көкпекті, Бородулиха аудандық ауруханаларында өмірге келді.
- Үлкен отбасымызда бұл күн енді ерекше тойланататын болады. Себебі кішкентайымыз дәл осы қастерлі мерекеде дүниеге келіп отыр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!, - деді аналардың бірі.
Айта кету керек, облыста жыл сайын перинаталды сала дами түсіп, сәбилер мен аналарға арналған жағдайлар жақсарып келеді. Бұл өз кезегінде туу көрсеткіштеріне де оң әсер етті. Осы жылдың басынан бері аймақ бойынша 22 000-нан астам сәби туған.