ШҚО-да тәулік ішінде инфекция жұқтырудың 111 жағдайы тіркелді

342
көрілім

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 111 адам анықталды. Оның 59-ында ауру белгілері болса, 52-сі клиникалық белгілері жоқ науқастар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Олардың ішінде 24 адам - Семей, 15 адам - Өскемен, 5 - Курчатов, 7 - Аягөз ауданынан, 3 - Бородулиха ауданынан, 2 - Глубокое ауданынан, Күршім, Тарбағатай, Зайсан аудандарында 1 адамнан.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 11 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған адам ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 44 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 4 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.

Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, індет ошақтарына қорытынды дезинфекция жүргізілуде.

Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирус жұқтырған 904 адам ауру белгілерімен, 724 адам симптомсыз тіркелді. Жалпы науқастар саны - 1628. Сауығып шыққандар саны – 249.