2017 жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша ШҚО-да тіркелген қылмыстардың саны – 13%-ға азайған. Оның ішінде ауыр қылмыстар – 17%-ға төмендепті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 ай ішінде өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда ауыр дене жарақатын келтіру, зорлау, ұрлық, бұзақылық, алаяқтық сияқты заңбұзушылықтар сирей түсіпті. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының ұрлық пен тонау, сондай-ақ, аса ауыр қылмыстарды ашуы біршама көбейген.