Облыс аумағында ақпан айының 3-нен бастап «Қару» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Соған сәйкес бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған шара басталғалы бері заңсыз айналымнан тіркелмеген 93 бірлік қару және мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді.
– Осыдан басқа, шара аясында тәртіп сақшылары 12 000-нан астам қару иесін тұрғылықты жері бойынша тексеріп, нәтижесінде 304 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – делінген мәліметте. – Олардың ішінде: қаруды заңсыз сақтаудың – 84, сақтау ережелерін бұзудың -149, сондай-ақ тіркеу ережелерін бұзудың – 71 жағдайы белгілі болды.