Бородулиха ауданының «Қызыл құдық» алыс малды учаскесіндегі жеке тұрғын үйдегі адамдарға иіс тиіп, төрт адам көз жұмды. Зардап шеккен тағы екі адам ауруханаға жеткізілген.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға Бородулиха ауданы Бакин ауылдық округінде орын алған.
– Төтенше жағдай түнде болған. Өрттің туындағаны туралы хабарлама келіп түспегендіктен, бізге бұл туралы ауруханада ғана хабарлады. Біздің қызметкерлер тергеу амалдарын жүргізіп, ақауы бар пеште от жағудың салдарынан орын алғанын анықтады, – деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Мейрамбек Қосажан