Көбінде мамыр айы бастала шағуға бейім келетін қауіпті жәндіктер биыл ертерек кіріскен екен «жұмысына». Ақ халаттылардың айтуынша, зардап шеккендердің көбі Өскемен ауруханаларында, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер мәлімдегендей, сәуір айының 5-і күнгі мәліметке сәйкес өңірдегі эндемикалық аумақтарда бірден төрт адам медициналық көмекті қажет еткен. Нақты айтсақ, үшеуі – Өскеменде, біреуі Ұлан ауданында. Оның ішінде біреу 14 жасқа толмаған жеткіншек.
– Былтырмен салыстырсақ, дәл осы уақытта кене шабуылы айтарлықтай жиілеп тұрды. Ал биыл 42,8 пайызға төмендегінін айта кеткен жөн. Бұл ауа райымен байланысты. Яғни көктемдегі қарасуық қайтпай тұрған кез жәндіктердің көбеюіне кедергі болды, – департамент өкілдері.
Сондай-ақ ведомствода сәуір айының 5-і күнгі мәлімет ескеріліп, бірде-бір тұрғынның кене энцефолитін жұқтырмағандығы расталды.
– Вирус жұқтыру қаупінен сақтану үшін зардап шеккен бір бала екпе алды. Кенеге қарсы имунноглобулиннің болмауынан өзгелері вакцина салдырмады, – делінген санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған мәліметте. – Қазіргі уақытта эндемикалық аумақтардағы ауруханаларда иммуноглобуллин мөлшері жеткілікті.
Айта кетейік, кене энцефалитіне қарсы екпені травмотологиялық пунктерде алуға болады. Өскеменде келесі мекенжайлар бойынша орналасқан:
Серікбаев көшесі, 1/5 – №4 қалалық аурухана (ересектер үшін);
Қазыбек би даңғылы, 11 – Ана мен бала орталығы (балалар үшін).