Президенттің тиісті Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– 2022 жылғы 14 қаңтарда, кешкі сағат 18:00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы төтенше жағдай жойылсын, – делінген құжатта.
Бұдан бөлек, коменданттық сағат күшін жойып, алкоголь өнімдерін сатуға шектеу қойылмайтындығын тағы бір айта кеткен жөн.