ШҚО-да төтенше жағдай режимін бұзған кәсіпкерлер жазаға тартылды

501
көрілім
Шартты фотосурет

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері рейд барысында төтенше жағдай режимін бұзған кәсіпкерлерді анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен және Семей қалаларындағы екі мейрамхана жұмыс уақытын шектеуге қатысты талаптарды орындамаған. Тәртіп сақшылары кәсіп иелеріне қатысты әкімшілік іс қозғап, сотқа жолдады.

– Наурыз мейрамында Өскемендегі караоке клубы өз жұмысын 22:00-ден кейін де жалғастыра берген. Оның иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ ЖШС аумағында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізбеген заңды тұлға жауапқа тартылған, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жалпы облыс бойынша бүгінде төтенше жағдай режимін бұзудың 7 фактісі тіркелген.