Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін облыс қалалары мен аудандарының әкімдіктері 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы ШҚО әкімі аппараты жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Еркен Сәрсембинов мәлім етті. Ол су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда екенін хабарлады.
Қазірдің өзінде мұз кептелә қаупі бар аймақтарда жарылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсаттарға облыстық резервтен 238 миллион теңге бөлінді. Жұмыс Шемонаиха ауданында жүргізілсе, 16 наурыздан бастап Алтай ауданында жоспарлануда.
Қажетті мөлшерде инертті материалдар (6 мың тонна), жанар-жағармай (457 тонна), ыдыс-қап (48 мың дана) дайындалды.
Арықтар, көпірлер мен су өткізгіш құбырлар тазартылып, 204 мың текше метр қар шығарылды.
72 каналдың 44-і (61%), 445 арықтың 227-і (51%), 1735 (63%) автомобиль жолдарындағы су өткізгіш құрылғылардың 1087-і, темір жолдардағы 90-ның (16%) 14-і тазартылды. 277 көпірдің 223-і (81%) тазартылған.
Айта кететін жайт, қар көшкінінің алдын алуға облыстық бюджеттен 32 млн теңге бөлінді.
Барлық 132 гидротехникалық құрылыста бақылау орнатылып, су тасқыны кезеңіндегі су қоймаларының жинақтаушы көлемін құру үшін транзиттік суды ағызу жұмыстары жүргізілуде. Қараусыз қалған гидротехникалық құрылыстар жоқ.
Су электр станциясы каскады штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұқтырма су қоймасының бос сыйымдылығы жобаның 58 пайызын яғни (28 772 млн текше метр) құрайды. Бұл су қоймасына құятын аймақтағы өзендердің ағынын қабылдауға мүмкіндік береді.
2021-2023 жылдары су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы аясында 384 млн теңгеге 21 і
шара толығымен орындалған.