Алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде облыс әкімдігі үш жылу электр орталығы, 33 аудандық және 201 автономды қазандықты дайындау жоспарын әзірледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұнымен қатар, 1017 км жылу желілерін, 5 212 км су құбыры және кәріз желілерін, 652 км электр беру желілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар да пысықталды.
ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Рамазановтың ақпаратынша, 2024 жылға көзделген жұмыстарға жалпы сомасы 20,9 млрд. теңге бөлінді.
Оның ішінде:
- 8,5 млрд. теңгеге 47,9 шақырым жылу желілерін жаңғырту (2,3 млрд. теңгеге 14,4 шақырым - ТМС тарифі; 6,3 млрд. теңгеге 33,5 шақырым – бюджет қаражаты). Бұл жылу желілерінің тозуын 5,7% пайызға төмендетуді қамтамасыз етеді және жыл қорытындысы бойынша тозу 54,9% құрауы мүмкін;
- 12,4 млрд. теңгеге қазандықтарды жөндеу (5,7 млрд.теңге – ТМС тарифі; 6,69 млрд. теңге – бюджет қаражаты).
Асыл АЙТБАЕВ