ШҚО-да туған күнді атап өткен отбасы әкімшілік жазаға тартылды

468
көрілім
Шартты фотосурет

Төтенше жағдай режімін бұзған шығысқазақстандықтар әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Наурыз айының 28-і күні Семей қаласындағы дәмханалардың бірінде жергілікті тұрғын баласының туған күнін тойлатса, осыған ұқсас жағдай 30 наурыз күні Аягөз ауданында да тіркелген.

– Екі жағдай бойынша да құқық бұзушыларға сот шешімімен 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.