Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Түнде және таңертең солтүстік-батыс және орталық аймақтарда тұман түседі. Солтүстікте, күндіз еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады деп болжануда.
Түнде ШҚО, Ақмола облысының оңтүстік жартысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.
ШҚО-ның солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүріп, кей аудандарында жаңбыр жаууы ықтимал.