Бүгін ауқымды антициклон жотасы республиканың басым бөлігіндегі ауа райын анықтауына орай жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың тек батысында еуропалық циклон жырасы әсерінен жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде), көктайғақ, тұман, екпінді жел болжанады.
Шығыс Қазақстанның бірқатар аудандарында тұман түсіп, Қостанай облысының оңтүстігінде, Солтүстік-Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, екінді жел күтіледі.