Республика бойынша кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ, солтүстікте тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, бірқатар аудандарында тұман түсіп, көктайғақ, таулы аудандарда желдің күшеюі 15-20 м/с болады деп болжануда.
Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, түнде облыстың шығысында желдің екпіні 18-23 м/с-қа күшеюі ықтимал.