ШҚО-да тұман күтіледі

372
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің бірқатар өңіріне антициклон жотасы әсер ететіндіктен жауын-шашынсыз ауа райы күтіліп, республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, түнде шығысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғып, батысында тұман түсуі ықтимал.