Бүгін еліміздің басым бөлігінде фронтальдық ағындардың ықпалымен ауа райы құбылмалы болуына байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек еліміздің орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында күн райы ашық болады. Еліміздің солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстіктің таулы аудандарында және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғып, солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түсуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде тұман түсіп, ШҚО-ның оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
shkoda_tuman_kutiledi_2
59