ШҚО-да тұман күтіледі

341
көрілім
Шартты фотосурет

Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облысының шығысында тұман күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 25 м/с жетеді деп болжануда.

Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал.